Қазақстанда соңғы жылдары мектеп тапшылығын азайту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ресми дерекке сәйкес, 2019 жылдан бері елімізде 1200-ден астам мектеп салынған. Соның нәтижесінде үш ауысымды мектептер саны 4 есе, ал апатты жағдайдағы ғимараттар 2 есе қысқарған.
Бүгінде Қазақстан бойынша 53 мектеп үш ауысыммен оқытады. Ал 32 мектеп апатты жағдайда тұр.
Бұл көрсеткіштер елдегі барлық мектептердің 1%-дан аз бөлігін ғана құрайды, - деді Жайық Шарабасов.
2026 жылы білім беру инфрақұрылымын дамыту жалғасады. Жоспар бойынша, 50 мың оқушыға арналған 90 жаңа мектеп салу көзделген.
Еске салайық, 2027 жылдан бастап мектептерге қатысты өзгеріс болады.