Қазақстанда 200-ден аса жаңа мамандық пайда болды – Ералы Тоғжанов

28 Сәуір 2022, 12:46
2467
Бөлісу:
Қазақстанда 200-ден аса жаңа мамандық пайда болды – Ералы Тоғжанов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 2025 жылға дейін Халықтың табысын арттыру бағдарламасын таныстырған кезде айтты.

Үкімет мүшесі атап өткендей, 2025 жылға дейін Халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының, әсіресе жастардың тұрақты табысын қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

«Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары аясында 160 мың жас 400 АЕК көлемінде грант алады. «Бақытты отбасы» жобасы бойынша 20 мың көпбалалы ана мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналар үйден табыс алу үшін қайта оқытумен қамтылады. Олар үшін нарықта сұранысқа ие 10 мамандық бойынша тегін қысқа мерзімді курстар мен бизнес-консультациялар ұйымдастырылады, - деді вице-премьер ОКҚ-да.

Сонымен қатар Қазақстанда 220-дан астам мамандық трансформацияланып, 239 жаңа мамандық пайда болады.

Өзгелердің жаңалығы