Қазақстан мен Оңтүстік Корея дипломатиялық қатынасына 27 жыл толды

28 Қаңтар 2019, 19:15
3367
Бөлісу:
Қазақстан мен Оңтүстік Корея дипломатиялық қатынасына 27 жыл толды

Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 27 жыл толды.

2018 жылдың 9 айында Оңтүстік Корея екі жақты сауданың көлемі 2,5 млрд АҚШ долларын құрады, оның ішінде Қазақстаннан экспорт 2 млрд долларға, ал Оңтүстік Кореядан импорт 500 млн долларға жетті.

2005-2018 жылдар кезеңінде Оңтүстік Кореядан Қазақстан экономикасына тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 5 млрд АҚШ долларын құрады.

Қазақстанда Оңтүстік Кореялық капиталы бар 500-ге жуық компания жұмыс істейді. Соңғы жылдары Hyundai, LG, Samsung, Lotte Confectionery, SK, Dongil Highvill сияқты компаниялар Қазақстанда табысты жұмыс атқаруда.
Өзгелердің жаңалығы