Қазақстанда қанша легионер жүр

24 Қаңтар 2019, 15:32
18211
Бөлісу:
Қазақстанда қанша легионер жүр

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстанда спорт клубтарында қанша легионер жүргенін айтты. 

Ел аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар спорт түрлерінен ұлттық құрама командаларының қатарында халықаралық жарыстарға қатысу үшін міндетті түрде Қазақстан азаматтығын қабылдау қажет. Комитет тәжірибе алмасу, әрі қазақстандық атлеттердің кәсіби өсуіне ықпал ету мақсатында легионерлерді отандық командалар қатарына тарту практикасы барын айтты. 

Қазіргі уақытта қазақстандық Премьер-Лига мен Бірінші Лига футбол клубтарында 106 легионер, Ұлттық Лиганың волейбол клубтарында 28 легионер, Ұлттық Лиганың баскетбол клубтарында 26 легионер, Супер Лиганың гандбол клубтарында 6 легионер, көгалдағы хоккей клубтары қатарында 2 легионер, шайбалы хоккей командаларында 131 легионер бар. Сонымен қатар, су добы, регби, жағажай волейболы клубтарының құрамындағы спортшылардың барлығы Қазақстан Республикасының азаматтары.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі отандық спорттық резервті қолдау, әрі легионерлердің санын қысқарту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Осы мақсатта спорттың ойын түрлерінен ел чемпионаттарында әр команда құрамында өнер көрсететін шетелдік азаматтар саны аталған жарыс ережелерінің талаптарымен шектелген. Осылайша, бұл өзгерістер отандық спортшыларға өздерін таныту және еліміздің өз спорттық резервін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Назерке Абибулла

Өзгелердің жаңалығы