Қазақстан жолдарының қысқа дайындығы 94%-ға жетті – «ҚазАвтоЖол»

Қысқы маусымға әзірлік кезінде солтүстік облыстарға басымдық беріліп отыр.

 ҚазАвтоЖол 1 Қазан 2026, 16:49
1 Қазан 2026, 16:49
236
Фото: ҚазАвтоЖол

«ҚазАвтоЖол» Қазақстан бойынша қысқы маусымға дайындық деңгейін орта есеппен 94 пайыз деп бағалады. Дайындық кезінде солтүстік өңірлерге ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрқанат Ақылтаевтың айтуынша, облыстардағы дайындық деңгейі 90–100 пайыз аралығында.

Республика бойынша дайындық орта есеппен 94 пайызды құрайды. Облыстар бөлінісінде бұл көрсеткіш 90–100 пайыз аралығында. Біз солтүстік өңірлерге басымдық беріп отырмыз, – деді Нұрқанат Ақылтаев баспасөз туры кезінде қысқы маусымға дайындық туралы сұраққа жауап бере отырып.

Ақылтаевтың сөзінше, орталық және оңтүстік өңірлердің дайындығы 90 пайыздан жоғары.

Еске салайық, бұған дейін ұлттық оператор өңірлерде 1,6 мыңнан астам арнайы техника әзір екендігін айтқан болатын.

Наверх