"Қазақстан жастары – 2024" ұлттық баяндамасы талқыланды

5 Сәуір 2024, 18:13
272
Бөлісу:
"Қазақстан жастары – 2024" ұлттық баяндамасы талқыланды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасы талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында «Қазақстан жастары – 2024» ұлттық баяндамасының құрылымын талқылау өтті. Кездесу барысында «Адал азамат» тұжырымы аясындағы жастардың құндылықтар туралы көзқарасы сөз етілді. Іс-шараға мемлекеттік органдар, саяси партиялар, халықаралық ұйымдар, зерттеу орталықтары мен ҮЕҰ мен жастар бірлестіктерінің өкілдері қатысты.

Жастар саясатын жүргізу шеңберінде жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы мен дамуы үшін қажетті жағдайлар жасалып жатыр. Шешім қабылдау кезінде жастардың бүгінгі сұранысын ескеру маңызды және бұл баяндама еліміздегі жастардың дамуындағы негізгі трендтерді көруге мүмкіндік береді,– деп атап өтті Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төраға орынбасары Біржан Әлімжанов.

Талқылау барысында қатысушылар облыстық және республикалық деңгейде жастарға қатысты жүзеге асырылып жатқан жобаларды ғылыми-сараптамалық тұрғысынан күшейту қажет деген шешімге келді. Сарапшылар жаһандық турбуленттілік кезеңінде жастардың шыңдалуы мен өзін-өзі дамытуы үшін жағдай жасау, сондай-ақ оларға «Адал азамат» құндылықтарын сіңіру маңызды екенін атап өтті.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязованың айтуынша, Ұлттық баяндама – жас азаматтарға қатысты саясатты іске асыруға арналған бірегей және іргелі құжат. Баяндамада соңғы он бір жылдағы жастар ортасының өзгеру динамикасы көрсетілген.

Кездесу соңында талқылауға қатысушылар осы жылға жоспарланған әлеуметтік зерттеулер барысымен танысты.

Айта кету керек, «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын орталық жыл сайын дайындап келеді. 2013 жылдан бері 11 ұлттық есеп шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы