Қазақстан және Ресей арасындағы трансшекаралық суды пайдалану маңызды - сарапшы

9 Қараша 2023, 16:01
716
Бөлісу:
Қазақстан және Ресей арасындағы трансшекаралық суды пайдалану маңызды - сарапшы
Фото: BAQ.KZ

Сарапшы Арсен Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану жайын айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз Ресеймен өзара сенім мен тату көршілік қатынастарға негізделген трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану және құру саласындағы елдеріміздің арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалауға болады. Қазақстан және Ресей трансшекаралық су обьектілерін пайдалану және қорғау 2010 жылғы 7 қыркүйектегі келісіммен реттеледі. Келісімді іске асыру мақсатында трансшекарлық су обьектілерін бірлесіп пайдалану, қорғау жөніндегі екіжақты комиссия құрылған. Өкінішке қарай, соңғы жылдары біз Жайық өзенінің бассейнінде су аз кезеңнің ұзаққа созылғанын байқап отырмыз. Бұл Қазақстан аумағындағы өзеннің экологиялық жүйесінің нашарлауына алып келді, – дейді сарапшы. 

Қазақстан және Ресей арасындағы трансшекаралық суды пайдалану маңызды - сарапшы

Маман гидрологиялық проблемаларды шешу үшін бірлескен шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. 

Сондай-ақ бұл біздің елдеріміздің шекаралас өңірлерінің экономикалық дамуына кері әсерін тигізгенін білеміз. Бұл орайда мұның гидрологиялық проблемаларын, режимнің проблемаларын шешу, өзендердің жағдайын жақсарту бойынша бірлескен шараралар қабылдау мақсатында 2020 жылы бірлескен гидрологиялық зерттеулер бойынша бірыңғай жол картасы қабылданды. Бұны жүзеге асыру 2021 жылы басталған. Сонымен қатар Сарыөзен, Қараөзен өзендерінің су шаруашылығы балансын есептеу бойынша бірыңғай тәсілдеме әзірленді. Бұл тәсілдеме екіжақты қабылданып, қазіргі таңда оны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен Қазақстан тарапынан қаражат қарастырылуда. Сонымен қатар бірыңғай жол картасы басталғанмен, бүгінгі таңда шешілмеген мәселелер бар. Бірақ ол мәселелерді жоғарыда атап өткен екіжақты бірлескен комиссияның аясында шешуге болады, – дейді Арсен Жақанбаев.

Өзгелердің жаңалығы