Қазақстан үш зұлымдыққа қарсы тұру стратегиясын қолдайды – Тоқаев

25 Қаңтар 2022, 15:21
3427
Бөлісу:
Қазақстан үш зұлымдыққа қарсы тұру стратегиясын қолдайды – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн форматта өтіп жатқан «Орталық Азия – ҚХР» атты саммитте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

30 жылдың ішінде Орталық Азия елдері серіктестіктің тату көршілік моделін құрып, бір-біріне көмек беретін байланысты орнатты. Осындай ажырамас достықтың айқын көрінісі – COVID-19 пандемиясы кезіндегі көмек пен оған қарсы вакциналарды жылдам жеткізу. Қазақстан үш зұлымдыққа қарсы тұру стратегиясын қолдайды. Сондай-ақ Қазақстан бір-бірінің ішкі істеріне араласпау саясатын ұстанады, - деді Мемлекет басшысы саммитте.

Тоқаевтың сөзінше, Қытай Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі ретінде бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда, Еуразия кеңістігін ілгерілетуде өте маңызды рөл атқарады. 

Бұл әсіресе терроризмге, экстремизмге және трансұлттық қылмысқа қатысты. Қазір бұл менің елім үшін өте маңызды, - деп айтты Президент.

Өзгелердің жаңалығы