Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді

28 Наурыз 2022, 17:47
1415
Бөлісу:
Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмектің жаңа партиясын жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы рейсті ұйымдастырылды, деп хабарлады  ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

Ол Алматы қаласынан Польшаның Катовице қаласына Украина азаматтары үшін гуманитарлық көмектің кезекті партиясын жеткізді.

 Жалпы салмағы 17,5 тонна болатын жүк төсек-орын және тамақ сияқты қажетті заттарды қамтиды. Бұған дейін Қазақстан жалпы салмағы 28,2 тонна болатын 17 түрлі дәрі-дәрмек – антибиотиктер, қабынуға қарсы, жөтелге қарсы және антигипертензивті препараттар түрінде гуманитарлық көмек жіберген болатын, - делінген хабарламада. 

Көрсетілген көмек Украина тарапының өтініші негізінде Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.

Қайтар жолда жүкті жеткізген «Бүркіт» мемлекеттік әуекомпаниясының Ил-76 ұшағы қазақстандық дипломаттардың көмегімен Украинадан Польшаға келген ондаған ҚР азаматтары мен олардың отбасы мүшелерін алып келеді деп жоспарлануда.

 

 

 

Өзгелердің жаңалығы