Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын нығайту мүмкіндіктері талқыланды

21 Қыркүйек 2022, 22:30
1496
Бөлісу:
Қазақстан-Түркия ынтымақтастығын нығайту мүмкіндіктері талқыланды

Қазақстан елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркия Республикасының Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсоймен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесу барысында мәдениет және туризм салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері мен жолдары талқыланды.

Еркебұлан Сәпиев Қазақстанда бұл салаларда салаларды дамыту үшін жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, тәжірибе алмасу бағытын нығайту қажеттілігіне назар аударды. Сонымен қатар, Елші мәдениет саласында екіжақты қатынастарды жандандыру бойынша нақты ұсыныстар жасады.

Министрі Мехмет Ерсой Қазақстанмен қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған барлық бастамаларды толық қолдайтынын және екі ел арасында жан-жақты тәжірибе алмасуға дайын екендігін мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы