Қазақстан-Түркия әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

28 Қазан 2022, 13:20
928
Бөлісу:
Қазақстан-Түркия әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Сапар барысында Қазақстан Қарулы күштері Бас штабының бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов түрік әріптесі армия генералы Яшар Гюлермен кездесті, деп хабарлады BAQ.KZ.

Тараптар жауынгерлік даярлық және әскери-техникалық саладағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазақстандық делегация генерал-лейтенант Марат Құсайыновтың басшылығымен "SahaExpo-2022" қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібінің III көрмесінде, сондай-ақ Түркия қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындарында болды.

Өзгелердің жаңалығы