Қазақстан туризмі деген ассоциация жоқ – маман

19 Қыркүйек 2022, 13:10
2368
Бөлісу:
Қазақстан туризмі деген ассоциация жоқ – маман
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

«Ұлттық идеология және ...» жобасының кезекті қонағы туризм маманы, блогер Алмас Маратұлы деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Маманмен Алматыдағы және өзге өңірлердегі туризм мәселелерін талқыладық. Ол «Қазақстан туризмі дегенде ассоциация жоқ» екеніне және қысқы туризммен қалай ассоциация жасауға болатынына тоқталды. Әр қазақ көруі керек ТОП – 11 туристік аймақты айтты.   

Алмас Маратұлы сұхбат барысында Ninety One концертіне Ресейден келген татарлармен танысқан және Димаштың концертіне Уругвайдан келгісі келетін адамның оған хат жазған оқиғаларын айтып берді. «Димаш тур» туралы қызықты деректермен бөлісті.   

Сұхбатта спикердің «біз ұлттық идеология құра алмаймыз» деуінің себебі де түсіндіріледі. Сондай-ақ маман идеологияны туризмде қалай насихаттау керек екенін, ақпарат шекарасы мен адами капиталдың туризмге әсерін, «қазақыландыруды жұмсақ күш арқылы жүргізудің» маңызын атады.

Сонымен қатар, Алмас Маратұлы туризмдегі ең өзекті мәселелерге айналған дәретхана мен транспорт жағдайын баяндап, мәселені шешу жолдарын ұсынды. Ұлттық парктерді және өзге де туристік аймақтарды жекеменшікке берудің маңызына тоқталды.   

Спикер сұхбат соңында болашақ туризм мамандарына кеңестер мен бизнес идеялар айтты.   

Видео: Сырым РАХИМБЕКОВ
Өзгелердің жаңалығы