Қазақстан тұрақты дамуда үлкен жетістіктерге жетті – Микаэа Фриберг-Стори

16 Желтоқсан 2021, 12:48
988
Бөлісу:
Қазақстан тұрақты дамуда үлкен жетістіктерге жетті – Микаэа Фриберг-Стори

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымы Тұрақты үйлестірушісі Микаэа Фриберг-Стори арнайы құттықтау жолдады. 

Бүгін Қазақстан Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына қадам басуда. Қазақстан халқы соңғы үш онжылдықта, әсіресе тұрақты дамуда, үлкен жетістіктерге жетті: теңізге шығу жолы жоқ дамушы елдер тобының төрағасы, БҰҰ бітімгершілік операцияларына үлес қосушы және бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы көптеген бастамалар авторы ретінде әлемдік аренада құнды рөл атқаруда. БҰҰ Қазақстанмен пандемиядан қайта өрлеу және Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша қолдау көрсетуді жалғастырады, - деді Микаэа Фриберг-Стори .

 

Өзгелердің жаңалығы