Қазақстан теңізге шыға алмаса да, 200 мың тонна балық тұтынып отыр – ДСҰ

9 Маусым 2023, 16:04
549
Бөлісу:
Қазақстан теңізге шыға алмаса да, 200 мың тонна балық тұтынып отыр – ДСҰ
Фото: автордан

Қазақстан теңізге шыға алмаса да, 200 мың тонна балық тұтынып отыр. Бұл туралы Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Доктор Нгози Оконджо-Ивеала айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана халықаралық форумы аясында ДСҰ бас директорымен және Қазақстан Үкіметімен жоғары деңгейдегі арнайы сессия өтіп жатыр.

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры Доктор Нгози Оконджо-Ивеала балық аулау саласына қатысты ойын айтты.

Сіздердің (Қазақстанның – ред.) теңізге шығатын тікелей жолдарыңыз жоқ ел екендеріңізді білеміз. Бірақ статистикаға назар аударсақ, Қазақстан 200 мың тонна балықты елдің ішінде тұтыну үшін өсіріп отыр. Сондықтан Қазақстанның теңізге тікелей шығатын мүмкіндігі болмаса да, осындай көрсеткішті көрсетіп отыр, - дедй ДСҰ басшысы.

Нгози Оконджо-Ивеала ханым мұхитта балық таусылып қалса, еліміз балықты қалай тұтынатынын сұрады.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Қазақстан өзін балықпен асырай алатынына үміттенетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы