Қазақстан тарихында алғаш рет вольфрам өндірісі іске қосылды

3 Қараша 2024, 11:37
359
Бөлісу:
Қазақстан тарихында алғаш рет вольфрам өндірісі іске қосылды
Фото: gov.kz

Алматы облысында вольфрамды қайта өңдеу бойынша Қазақстандағы алғашқы зауыт ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл отандық тау-кен өндірісі үшін тарихи оқиға, ол еліміздің әлемдік сирек металдар нарығындағы позициясын нығайтады.

Жобаның құны 300 млн долларды құрайды және халықаралық экологиялық әрі өндірістік стандарттарды ескере отырып жүзеге асырылды. 

Зауыт жергілікті мамандар үшін 1000-ға дейін жұмыс орнын қамтамасыз етеді және жобалық қуатына шыққанда жылына 3,3 млн тонна руданы қайта өңдеп, вольфрам концентратының 65% үлесін шығарады.

Өзгелердің жаңалығы