Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды

 olympic.kz 10 Тамыз 2026, 23:48
10 Тамыз 2026, 23:48
244
Фото: olympic.kz
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы таеквондодан Ресейдің Одинцово қаласында өткен халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды.
 

68 келіден жоғары салмақта Любовь Юн күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ осы салмақта Нұрила Жарас қола жүлдеге ие болды.

Ал 68 келіге дейінгі салмақта Балгерім Өтеген Қазақстан құрамасының қоржынына екінші қола жүлдені салды.

Наверх