Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Футзалдан Еуропа чемпионатының ширек финалдық матчында Қазақстан құрамасы Украинаға қрасы матч өткізді.
Бас бапкер Кака келесі құрамды ойынға қосты: Игита, Кнауб, Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Оразов - Атантаев, Қарағұлов, Валиуллин, Ақбалықов, Есенаманов, Тоқаев, Сағындықов.
Ұлттық құрама матч алдында фаворит саналғанымен, 3:5 есебімен жеңілді.
Іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы қарысластардың қақпасына 14 гол соқты. Соңғы ойынын итальяндарға қарсы өткізіп, 4:1 есебімен жеңген болатын.
Осылайша Қазақстан құрамасы турнирден шығып қалды. Украина жартылай финалда Ресей-Грузия жұбындағы жеңімпазыбен кездеседі.