Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Иран азаматтарына қатысты сот үкімі шығарылды.
Осы жылдың 24 шілдесінде Иран Ислам Республикасының үш азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстан Республикасы шекарасын заңсыз кесіп өткен.
Аталған азаматтар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің әскери қызметшілерімен ұсталған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-1-бөлігімен, яғни адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран Ислам Республикасының үш азаматы кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жібере отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды, - деп хабарлады Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот үкімі қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ.
Мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде заңсыз кесіп өту заңнамада белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Айта кетейік, бұған дейін Ресейдегі күдікті жағдайға байланысты Қазақстан шекарасындағы қауіпсіздік шаралары күшейгені хабарланды.
Тағы оқи отырыңыз:
Беларусьтен келген сиыр еті Қазақстан арқылы транзитпен өткізілмеді
Косметика астына жасырылған 32 кг есірткіні әкелу әрекеті тоқтатылды
Шетелдік азамат киімінің астына 70 мың доллар жасырып, ел шекарасынан өтпек болды