Қазақстан шекарашылары былтыр 35 мың адам ұстаған

3 Қаңтар 2024, 19:57
752
Бөлісу:
Қазақстан шекарашылары былтыр 35 мың адам ұстаған
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰҚК Шекара қызметінің 2023 жылғы іс-қимыл нәтижелері туралы есеп берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2023 жылда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып, шекара кеңістігінде Қазақстан заңнамасын бұзған 35 487 адам, соның ішінде 1094 шетел азаматы ұсталды.

Мемлекеттік шекара арқылы 8 026 рет заңсыз өту әрекеті тіркелді, соның ішінде:

  • есірткі алып өтудің 444 дерегі (1 тоннадан астам);
  • ату қаруы мен оқ-дәрілер алып өтудің 389 дерегі (36 дана ату қаруы, 986 дана оқ-дәрілер, 4 001 дана суық қару, 125 арнайы құралдар);
  • діни әдебиет алып өтудің 279 дерегі (7 103 дана);
  • жалпы сомасы 213 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдарын тасудың 3 112 дерегі (429 107 литр);
  • жалпы сомасы 12,4 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарларды алып өтудің 2 986 дерегі;
  • жалпы сомасы 11,7 млрд теңгеден астам валютаны заңсыз алып өтудің 816 дерегі.

Каспий акваториясында 384 браконьерлік іс-әрекеті алды алынды, сондай-ақ:

  • жалпы ұзындығы 738 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
  • 3 463 дана (20 276 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
  • 45 332 дана (67 899 кг) ұсақ тұқымдас балықтар;
  • 23 250 дана (10 238 кг) шаян тұқымдастар.

Алды алынған залал сомасы 7 млрд астам теңге болды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы