"Қазақстан" шахтасының өрттен кейінгі қазіргі жағдайы қандай?

7 Қыркүйек 2023, 15:03
1005
Бөлісу:
"Қазақстан" шахтасының өрттен кейінгі қазіргі жағдайы қандай?

"Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан болған топтық апатты тергеу жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тиісті сараптамалар жүргізілуде. Қазір шахтаның апаттық участкесінде 13 бөгет тұрғызылды. Тағы 11 бөгет тұрғызу бойынша жұмыстар жалғасуда. 27 тау-кен құтқарушы және шахтаның 45 жұмыскері жұмылдырылған. Сонымен қоса, тау-кен құтқарушыларымен өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын жалғастыруда, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек газ мөлшері бақылауда. Жұмыс орындарында температура көрсеткіштерінің нашарлауы байқалмайды.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейіннен апат салдарынан көз жұмған кеншілердің есімдері жарияланды.

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртауда» қаралы күн жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы