Қазақстан Ресейге 9 млрд доллар инвестиция салған – СІМ

Қазақстандық инвестициялардың Ресей экономикасындағы көлемі 9 млрд долларға жеткен. 

 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 12:46
Бүгiн 2026, 12:46
93
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Астана қаласында Қазақстан мен Ресейдің сыртқы істер министрлері – Ермек Көшербаев пен Сергей Лавров арасында келіссөздер өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ермек Көшербаев Қазақстан мен Ресей арасындағы инвестициялық өзара іс-қимыл деңгейі жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандық инвестициялардың Ресей экономикасындағы көлемі 9 млрд долларға жеткен. 

Келіссөздер барысында Қазақстан СІМ басшысы алдағы өзара ықпалдастықтың басым бағыттарын да айқындады.

Перспективалы бағыттардың қатарына энергетика, көлік-логистикалық байланыс, цифрлық шешімдер, жасанды интеллект, экология, климат және су ресурстарын ұтымды пайдалану жатады, – деді ол.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін растады.

Еске салайық, бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан мен Ресей – ең жақын көршілер екенін айтты.  

Наверх