Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстанға ресми сапармен келіп, екіжақты кездесулер басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мәскеуден келген саясаткер екі елдің «жақын көрші, одақтас» екенін атап өтіп, Қазақстан халқын Жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады. Келіссөздер барысында Лавров Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас тарихи тұрғыдан терең тамырланғанын айтты.
Қазақстан мен Ресей – ең жақын көршілер әрі одақтастар. Біздің халқымызды ғасырлар бойғы шынайы достық пен өзара құрмет байланыстырады. Бұл қарым-қатынас көптеген мемлекетаралық құжаттармен бекітілген, – дейді ол.
Сондай-ақ Ресей СІМ басшысы Екінші дүниежүзілік соғысындағы Жеңіс туралы ортақ тарихи жад екі ел арасындағы тығыз байланыстың айқын көрінісі екенін атап өтті.
Біз әрдайым Жеңіс мерекесінің мерейтойын бірге атап өтеміз, арнайы іс-шаралар өткіземіз. Қазіргі жағдайда бұл естеліктің тек тарихи ғана емес, практикалық маңызы бар… Егер мен дұрыс түсінсем, кейбір еуропалық мемлекеттер нацизмді жаңа формада жаңғыртып жатыр, оның ішінде Еуропа халқын біздің мемлекетімізге қарсы қоюға тырысады. Бір кездері бұл біздің ортақ мемлекетеміз еді, ал қазір негізгі нысана Ресей болып тұр, – деді Лавров.
Сөз соңында ол Қазақстан халқын 15 наурызда өткен референдумның сәтті өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.