Қазақстан Ресейден 100 тонна дизель отынын импорттауды жоспарлап отыр

5 Қыркүйек 2022, 13:13
1005
Бөлісу:
Қазақстан Ресейден 100 тонна дизель отынын импорттауды жоспарлап отыр

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі нарықты мұнай өнімдерінің қажетті көлемімен қамтамасыз ету мақсатында мұнай өңдеу көлемі және жанар-жағармай өндірісі ұлғайтылды – дизель отыны өндірісінің 2022 жылға арналған болжамы 5,2 млн.тоннаны құрайды, бұл 2021 жылға қарағанда 300 мың тоннадан астам және 2020 жылға қарағанда 640 мың тоннаға артық. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3,53 млн.тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 259 мың тоннаға артық.

Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» қоры мен «ҚазМұнайГаз» компаниясы да қыркүйек және қазан айларында дизельдік отынның қажетті көлемін әкелу туралы келісімшартқа отырған.

Екі партияның көлемі 100 мың тоннаға дейін жетеді. Бұл көлем Ресей Федерациясынан екені анық. Бізде дизельдік отынның мұндай мөлшеріне жақын жеткізушілер жоқ. Мұның бәрі индикативті баланстарға енгізілген. Бастапқыда мұндай мүмкіндік Ресей Федерациясынан дизельдік отынды, сондай-ақ авиакеросинді импорттауға берілді. Тасымалдау басталып кетті, ҚМГ бұған тікелей қатысады, біз импорттың бірінші партиясын күтіп отырмыз, - деді Ақшолақов. 

Өзгелердің жаңалығы