Қазақстан, Ресей және Түрікменстан арасында бірыңғай логистикалық оператор құрылады

23 Сәуір 2023, 07:48
727
Бөлісу:
Қазақстан, Ресей және Түрікменстан арасында бірыңғай логистикалық оператор құрылады
Фото: ҚТЖ баспасөз қызметі

Қазақстан, Ресей, және Түрікменстан арасында жүк тасымалын дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, «TransRussia 2023» көлік-логистикалық қызметтердің 27-ші халықаралық көрмесі аясында «KTZ Express» АҚ, «РЖД Логистика» АҚ және «Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы» ААҚ арасында арнайы меморандумға қол қойылды.

Меморандумның мақсаты – «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытында бірыңғай логистикалық оператор құру.

Тараптар бәсекеге қабілетті тарифтік ставкаларды қалыптастыру және Ақсарай, Озинки, Болашақ, Инче-Бурун, Серахс шекаралық өткелдері арқылы Қазақстаннан, Ресейден, Түрікменстаннан Иранға, Үндістанға, Таяу Шығыс елдеріне және Азия-Тынық мұхиты өңіріне жүктерді «жіксіз» тасымалдау үшін өз құзыретін біріктіруге келісті.

Қазақстан үшін «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі Иран және Үндістанмен көлік-экономикалық байланыстарды дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Қазақстандық жүк жөнелтушілердің айтуынша, бұл құрлық дәлізінің Қазақстан аумағы арқылы жүктерді жеткізуде және тасымалдауда барлық мүмкіндік қолайлы болады.

Өзгелердің жаңалығы