Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» орталығы 9 ақпаннан бастап жұмыс істемейді

6 Ақпан 2024, 05:41
639
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Қорғас» орталығы 9 ақпаннан бастап жұмыс істемейді
Фото: baq.kz

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы (ШЫХО) Қытайдағы Жаңа жылды тойлау кезінде уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайырлы күн, құрметті қонақтар! Қытай Халық Республикасында Чуньцзе – Қытай Жаңа жылының жыл сайынғы мерекесін атап өтуге байланысты, «ҚОРҒАС» ШЫХО 2024 жылғы 9-11 ақпан аралығында жұмыс істемейтінін хабарлаймыз, - деп жазылған Жетісу облысы әкімдігінің хабарламасында.

12 ақпан «Қорғас» ШЫХО штаттық режимде жұмысын қайта бастайды. Сонымен қатар қытай сауда орталықтарының жұмыс кестесін хабарлаймыз:

  • «Джунке» сауда үйі 6-нан және 17 ақпанға дейін жабық;
  • «Золотой порт» сауда үйі 6-нан және 17 ақпанға дейін жабық;
  • «Кинг-Конг» сауда үйі 9-нан 12 ақпанға дейін жабық;
  • «Ю» сауда үйі 9-нан 12 ақпанға дейін жабық.
  • «Қорғас» ШЫХО-на келуді жоспарлау кезінде жоғарыда аталған сауда орталықтарының жұмыс кестесін ескеруді  және қосымша сұрақтар болған жағдайда 8 771 316 4349 нөмірге қоңырау шалуға болады.
Өзгелердің жаңалығы