Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері екі күн жұмыс істемейді

8 Ақпан 2024, 00:27
419
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері екі күн жұмыс істемейді
Фото: BAQ.KZ архив

9-11 ақпанда Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс істемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 9-11 ақпанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды. Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Комитет тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Өзгелердің жаңалығы