Қазақстан-Қытай. Кәсіпкерлер қай салада серіктестік орнатады?

14 Маусым 2023, 17:14
1254
Бөлісу:
Қазақстан-Қытай. Кәсіпкерлер қай салада серіктестік орнатады?
PHOTO

Бүгін елордада инвестиция тарту мақсатында Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық конференциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – екі елдің іскер топтарын жақындастыру.

Қазақстан-Қытай. Кәсіпкерлер қай салада серіктестік орнатады?

Қазақстан-Қытай сауда-экономикалық конференциясына қатысуға шамамен 100-ден аса қытайлық кәсіпкер келген. Олар алдағы уақытта Алматы қаласына да баруды жоспарлап отыр.

Қазақстан-Қытай. Кәсіпкерлер қай салада серіктестік орнатады?

Конференция басталмас бұрын жиынға қатысушылар фойеде ұсынылған компаниялардың өнімдерімен танысуға мүмкіндік алды. Көрмеден қонақтар ауыл шаруашылығы өнімдері, техника, ет өнімдері және басқа да тауарлармен танысты.

Көрмеде өз техникаларын таныстыруға келген Gansu CIMC Vehicles компаниясының сауда бойынша директоры Кан Егуан Қазақстан мен Қытай серіктестігі туралы айтып берді.

Қазақстан-Қытай. Кәсіпкерлер қай салада серіктестік орнатады?

Компаниямыз контейнер шығаратын және үлкен жүктерге арналған тіркемелер шығаратын әлемдегі ірі өндіруші. Яғни компаниямыз осындай үлкен жүктерге арналған тіркемелердің барлық түрін шығарады. Кәсіпорнымыз Қытайдың Ганьсу провинциясында орналасқан. Бүгінгі күні кәсіпорнымыз Қытайдың батысындағы тіркемелер шығаратын ең ірі база саналады. Бүгін осындай жиынға қатысу арқылы компаниямыз Қазақстан нарығына шығудың үлкен мүмкіндігіне ие болып отыр, - деп айтты қытайлық кәсіпкер.

Оның сөзінше, бұл кәсіпорын Қазақстанмен серіктестік орнатқан. Олар көбіне Алматымен жұмыс істейтін көрінеді. Былтыр қазақстандық кәсіпкерлер кәсіпорыннан 320 тіркеме сатып алған.

Қазақстан-Қытай. Кәсіпкерлер қай салада серіктестік орнатады?

Gansu CIMC Vehicles Қазақстанмен екі бағытта серіктестік орнатқан. Дәлірек айтқанда, қытайлықтарға диллерлік қызмет көрсететін қазақстандық сауда компаниялары арқылы және қытайлық компаниялармен нарыққа бірге шығып, тиісті қызмет көрсету арқылы.

Конференция аясында қостанайлық және қытайлық бизнес өкілдері кездесу өткізді.

Қазақстан-Қытай. Кәсіпкерлер қай салада серіктестік орнатады?

Қостанай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Төлеутай Ержанов алдымен осындай іс-шара өткізіп отырған қытайлық әріптестеріне алғыс айтты.

Бүгінгі кездесуге ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер, яғни бидай, ұн өңдеумен айналысатын кәсіпкерлер қатысып отыр. Қостанай облысы – ол аграрлық өңір. Осы саладағы үздіктердің бірі. Облыста агроөнеркәсіп 15 пайызды құрайды. Негізінен астық шығарумен айналысамыз. Яғни сүт, ет және т.б. 5 мыңнан аса кәсіпорын ауыл шаруашылығымен, 200-ден аса кәсіпорын өңдеумен айналысады, - деп айтты Төлеутай Ержанов.

Ол қостанайлық кәсіпкерлер қытайлық әріптестерімен серіктестік орнатуға дайын екенін жеткізді.

Ганьсу провинциясының климаты Астананың климатына ұқсас. Бірақ Астанада біздегіге қарағанда жауын көп түседі. Провинциямыз Қазақстанмен білім, мәдениет және денсаулық салаларында тәжірибемен өзара алмасып отырады. Сондай-ақ Ганьсу провинциясының қоғамдық ғылым академиясы Қазақстанмен білім саласында екіжақты серіктестік орнатқан, - деді Ганьсу провинциясының өкілі Ли Тайань.

Оның айтуынша, бизнес делегациясының қатарында тамақ өңдеу, логистика және транспорт, өндіріс, ауылшаруашылығы саласының мамандары бар.

Қазақстан-Қытай. Кәсіпкерлер қай салада серіктестік орнатады?

Ганьсу провинциясының халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетінің төрағасы Ма Суели конференцияға қатысып отырғанына қуанышты екенін жеткізді.

Мұндай іс-шаралар Астана мен Ганьсу провинциясының серіктестігін одан сайын нығайтуға септігін тигізеді. Бастысы – осы. Сондай-ақ баршаңызды 6 шілдеде өтетін жиынға қатысуға шақырамын, - деді ол.

ҚХР-дың Қазақстандағы елшісінің кеңесші-өкілі Су Юй мәліметінше, Қазақстан мен Қытай арасында сауда серіктестігі тез дамып жатыр. Былтыр екіжақты сауда айналымы 31 млрд долларға жетті.

Бүгін қостанайлық әріптестермен танысқаныма қуаныштымын. Қазақстанға келгеніме 8 ай болды. Бірақ әлі Қостанайға баруға мүмкіндік болмады. Десе де Қостанай облысы ауылшаруашылығы саласында Қазақстанда үздік екенінен хабардармын. Биыл мамырда Президент Тоқаев мырзаның Қытайға сапары кезінде ел елдің кәсіпорындары арасында 47 келісімшарт жасалды. Оның жалпы сомасы 22 млрд доллар, - деді дипломат.

Конференцияда сауда келісімдеріне қол қойылып, ауыл шаруашылығы өнімдері, машина жасау және электротехника, тау-кен өнеркәсібі, түсті металлургия, мұнай химиясы, азық-түлік, ет импорты мен экспорты, халықаралық логистика, трансшекаралық қаржылық қызметтер және т.б. мәселелер бойынша іскерлік келіссөздер жүргізілді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - Қытайдың халықаралық сауданы ынталандыру комитеті (Қытай Сауда-өнеркәсіп палатасы), Ганьсу провинциялық комитеті, Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшілігі, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі, «Қазақстан» мемлекеттік инвестициялық акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, Алматы қаласының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу кеңесі (Қазақстандағы өкілдігі), Ганьсу провинциясының Сауда министрлігі, Ганьсу провинциясының халық үкіметінің сыртқы істер басқармасы.

Өзгелердің жаңалығы