Президент Халық Кеңесінің қашан жасақталатынын айтты

28 Тамыз 2026, 11:59
АВТОР
 Ақорда 28 Тамыз 2026, 11:59
28 Тамыз 2026, 11:59
161
Фото: Ақорда

Қазақстанда қыркүйектің екінші жартысында жаңа жоғары консультативтік орган – Халық Кеңесі жасақталады. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің сөзінше, жаңа құрылым елдің этникалық, аймақтық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстырады. 

«Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган.   Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді», - деді Президент.

 

Наверх