Қазақстан құрамасының олимпиадалық лицензия саны 32-ге жетті

14 Сәуір 2024, 18:44
374
Бөлісу:
Қазақстан құрамасының олимпиадалық лицензия саны 32-ге жетті
Фото: gov.kz

Ұлттық құрама спортшысы Жанна Мамажанова Роттердамдағы марафонда Париж Олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жанна жарыс жолын 2 сағат, 26 минут 42 секундта бағындырып, Қазақстан рекордын тіркеді.

Айта кетейік, 13-14 сәуір аралығында өткен бұл марафонға 17 мыңнан астам адам қатысты

Қазір Қазақстан делегациясында 12 спорт түрінен 32 лицензия (30 спортшы) бар.

Өзгелердің жаңалығы