Венгрия астанасы Будапешт қаласында ашихара каратэден әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 25 елден 500-ден аса спортшы қатысқан болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Балалар, жасөспірімдер, жастар, ересектер және ардагердер арасындағы бәсекеде ұлттық құрама өкілдері сәтті өнер көрсетті. Александр Журавлев бастаған қазақстандық команда 42 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, Александр Славецкий, Эмирхан Махмед, Абылай Пазылбек және Абдолла Мусин сында спортшыларымыз қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, әлем чемпионы атанды.
Бас-аяғы 15 спортшымыз алтын жүлде жеңіп алды. Бұған қоса, қоржынымызда 17 күміс және 10 қола медаль бар.