Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр

14 Сәуір 2022, 22:22
2312
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен оқу-жаттығу жиынына қатысып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрама командасы Азия чемпионаты алдындағы соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Балуандар Алматы облысында орналасқан "Ақбұлақ"  орталығында шеберліктерін шыңдауда. Грек-рим күресі шеберлерінің оқу-жаттығу жиындары 16 сәуірге дейін жалғасады. 

Айта кетерлігі, Азия чемпионатына Қазақстан сапынан 10 балуан қатысады. 

Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар:

 55 келі: Аманғали Бекболатов 

 60 келі: Ернұр Фидахметов

 63 келі: Мирамбек Айнағұлов 

 67 келі: Мейіржан Шермахамбет

 72 келі: Абылайхан Әмзеев

 77 келі: Мақсат Ережепов

 82 келі:  Диас Кален

 87 келі: Нұрсұлтан Тұрсынов

 97 келі: Санжар Серікқан

 130 кг: Әлімхан Сыздықов

Өзгелердің жаңалығы