Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 14 медальмен аяқтады – велоспорт

23 Маусым 2022, 03:35
1178
Бөлісу:
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын 14 медальмен аяқтады – велоспорт

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жарыстың соңғы күнінде ұлттық құраманың спортшылары тағы 3 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекелей спринтте ерлер арасында Андрей Чугай қола жүлдегер атанса, дәл осы түрінен Кирилл Курдиди күміс жүлдеге қол жеткізді. Мэдисон жарысында Артём Захаров пен Әлішер Жұмақан элита арасында үшінші орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатындағы өнерін 14 медальмен аяқтады: 4 алтын, 5 күміс және 5 қола жүлде.

Өзгелердің жаңалығы