Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал

5 Қараша 2022, 08:28
1091
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал

Сенбі, 5 қарашада 9 қалада ауа сапасы нашарлайды. BAQ.KZ бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

5 қарашада Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Өскемен (2-дәрежелі), Семей (2-дәрежелі), Риддер (2-дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Өзге қалаларда ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы