Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

28 Наурыз 2023, 08:20
664
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?
Фото: baq.kz

28 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дегенмен Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы