Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

1 Желтоқсан 2022, 07:11
901
Бөлісу:
Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы қандай?

«Қазгидромет» РМК 1 желтоқсан күнгі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 1 желтоқсанда Ақтөбе, Атырау және Риддер (2 дәрежелі), Семей (2 дәрежелі), Өскемен (2 дәрежелі) қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы