Қазақстан Президенті ұмра қажылығын өтеді

25 Шілде 2022, 08:26
2897
Бөлісу:
Қазақстан Президенті ұмра қажылығын өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді. Бұл туралы БОРТ№1 Telegram каналы хабарлайды. 

Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді, – делінген хабарламада.

Қазақстан Президенті ұмра қажылығын өтеді
Қазақстан Президенті ұмра қажылығын өтеді

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қос Киенің сақшысы – Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Саудтың шақыруымен ресми сапармен жүр.

Өзгелердің жаңалығы