Қазақстан Өзбекстанда өткен V халықаралық экологиялық Құрылтайға қатысты

Іс-шара барысында практикалық экологиялық бастамаларды дамытуға және жастарды табиғатты қорғау жұмыстарына тартуға ерекше назар аударылды.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 15 Тамыз 2026, 08:08
15 Тамыз 2026, 08:08
80
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Өзбекстанда V Халықаралық экологиялық Құрылтай өтті. Оған 8 мемлекеттен 800-ге жуық өкіл қатысты.

Құрылтай бағдарламасына білім беру семинарлары, экологиялық байқаулар мен спорттық жарыстар, көрме, Eco-fashion фестивалі, сондай-ақ тақырыптық және мәдени іс-шаралар кірді.

Іс-шара барысында практикалық экологиялық бастамаларды дамытуға және жастарды табиғатты қорғау жұмыстарына тартуға ерекше назар аударылды. Қатысушылар өздерінің экологиялық жобаларын таныстырып, зияткерлік ойындарға, TEDxKurultay алаңына және қоршаған ортаны тазарту акциясына қатысты.

Халықаралық экологиялық Құрылтайдың негізгі мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, халықаралық жастар экологиялық қозғалысын дамыту, елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және тәжірибе алмасу.

Наверх