Қазақстан-Өзбекстан шекарасын шегендеу туралы шарт ратификацияланды

16 Наурыз 2023, 17:17
1577
Бөлісу:
Қазақстан-Өзбекстан шекарасын шегендеу туралы шарт ратификацияланды
Фото: podrobno.uz

Сенаторлар «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Өзбекстанмен шекараны заңды рәсімдеу процесі қазақстандық-өзбекстандық мемлекеттік шекараны шегендеу туралы келісімшартқа 2022 жылы 22 желтоқсанда екі мемлекеттің президенттері қол қойған соң аяқталды. Шекараны шегендеу 2001 және 2022 жылдардағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы туралы келісімшарт негізінде жүргізілді, - деп түсіндірді Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко. 

Айтуынша, шегендеу бойынша келіссөздер 2003 жылы басталған. Аймақта шекаралық белгілерді орнату бойынша далалық жұмыс 2004 жылдан бастап 2021 жылға дейін жалғасқан. Соңғы 19 жылда бірлескен қазақстандық-өзбекстандық демаркациялау жөніндегі комиссияның 100 отырысы мен бірлескен демаркациялық жұмыс тобының 34 кездесуі өткізілген. 

Шекараны шегендеу еліміздің шекара маңында тұратын аудан халқының, мемлекеттік және жергілікті органның қызығушылығын есепке ала отырып, оның үстіне Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі шегіндегі қолайлылықты қамтамасыз ету үшін жасалған. 

Демаркациялық жұмыстардың нәтижесі бойынша шекараның ұзындығы 2 356 мың шақырымды құрап, шекара сызығында 1301 шекара белгісі қойылды. Демаркация нәтижесі құжатта көрсетілді, құжат 8 мыңнан астам парақтан тұрады. Сондай-ақ ол бұл келісімшарттың ажырамас бөлігі, әрі оған қосымша ретінде рәсімделген, - деді Роман Василенко. 

Өзгелердің жаңалығы