Қазақстан өсімдік майы экспортын 2 есеге жуық арттырды

4 Қараша 2022, 07:35
1558
Бөлісу:
Қазақстан өсімдік майы экспортын 2 есеге жуық арттырды

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында елімізде 422,1 мың тонна тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 25,3 пайызға артық, деп хабарлайды BAQ.KZ Energyprom порталына сілтеме жасап.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі дәстүрлі түрде Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 181 мың тонна, бір жылда 16 пайызға артқан.

Үздік үштікке Абай облысы (61,7 мың тонна) және Шымкент қаласы (41,6 мың тонна, 29,1 пайызға азайған) кірді.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысында жергілікті компаниялар өсімдік майына сұранысты (ішкі нарықтағы сату мен экспорт) бір жыл бұрынғы 78,4 пайызбен салыстырғанда 81,2 пайызға қамтамасыз етті.

Осы кезеңде жергілікті өнім 369,8 мың тоннаға дейін 19,3 пайызға жылдық өсім көрсетті. Ал импорт, керісінше, 0,2 пайызға азайып, 85,4 мың тоннаны құрады.

Май экспорты бірден 1,9 есе өсіп, 201,4 мың тоннаға дейін артты. Қазақстанның ішкі нарығында өсімдік майының барлық түрін сату 253,8 мың тоннаны құрады.

Бұл бір жыл бұрынғыдан 12,6 пайызға аз.

Ал күнбағыс майына жергілікті компаниялар сұранысты бір жыл бұрынғы 79,2 пайызбен салыстырғанда 82,7 пайызға қамтамасыз етті.

Қыркүйекте өсімдік майының бағасы бір жыл ішінде 16,6 пайызға өсті. Оның ішінде күнбағыс майы жылдық динамика бойынша 16,4, ал зәйтүн майы 22 пайызға қымбаттады.

Өсімдік майы бағасының ең жоғары өсімін Маңғыстау облысының тұрғындары сезінді: бір жылда 23,9 пайыз.

Одан кейін Алматы облысы (23,8 пайызға өсті) мен Алматы қаласы (23,4%) тұр. Ең аз жылдық өсім елордада тіркелді: 7,1 пайыз.

Өзгелердің жаңалығы