Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде мұнай өндірісі көлемін арттырады

2 Маусым 2022, 23:42
1703
Бөлісу:
Қазақстан ОПЕК келісімі шеңберінде мұнай өндірісі көлемін арттырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шілде және тамыз айларында ОПЕК + елдері тәулігіне өндірілетін мұнай өндірісін 648 мың баррельге арттырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2 маусымда бейнеконференция форматында өткен ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысында Қазақстан атынан Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.

Отырыс барысында сәуір айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілде айында тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру және артық өндіру өтемақысы кезеңін 2022 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды, – деп хабарлады ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстанның шілде айындағы міндеттемелері тәулігіне 1,680 млн баррельді құрайды.

Өзгелердің жаңалығы