Қазақстан Оңтүстік Кореядағы отбасылық және гендерлік саясат тәжірибесін зерттейді

13 Маусым 2024, 17:23
239
Бөлісу:
Қазақстан Оңтүстік Кореядағы отбасылық және гендерлік саясат тәжірибесін зерттейді
PHOTO
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық делегация Әйелдер арасындағы гендерлік теңдік бойынша озық тәжірибе орталығының жұмысымен танысу үшін Сеулге барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Делегация құрамында ҚР МАМ, ҚР СІМ және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілдері бар.

Қазақстандық делегация отбасылық және гендерлік саясатпен айналысатын Оңтүстік Кореяның мемлекеттік органдарының өкілдерімен кездесулер өткізді. ҚР МАМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров кореялық отбасын қолдау орталықтарының жұмысымен танысты.

Қазақстан Оңтүстік Кореядағы отбасылық және гендерлік саясат тәжірибесін зерттейді

Оңтүстік Кореяда сегіз бағыт бойынша жұмыс істейтін 244 орталық бар. Үздік бастамалар мен тәжірибелерді Қазақстанда қолдануды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Қайрат Қамбаров.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 2018 жылдан бастап психологиялық, әлеуметтік, тұрғын үй және заң саласы бойынша көмек көрсететін отбасын қолдау орталықтары бар. Бүгінде елімізде осындай 68 орталық жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы