Қазақстан – өлім жазасы жоқ мемлекет

25 Сәуір 2022, 13:20
1191
Бөлісу:
Қазақстан – өлім жазасы жоқ мемлекет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізді іс жүзінде де, заң жүзінде де өлім жазасы жоқ мемлекет деп айта аламыз.

Бұл туралы Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі Бақыт Нұрмұханов мәлімдеді.

Жобаның ауқымды бөлігі адам құқықтары мәселелеріне арналған. Өздеріңізге мәлім, былтыр Қазақстанның Қылмыстық кодексінен және басқа да заңдарынан өлім жазасы алынып тасталды. Енді бұл ұғым Ата заңда жойылып отыр. Осылайша, еліміз іс жүзінде де, заң жүзінде де өлім жазасы жоқ мемлекет деп айта аламыз, - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте.

Сондай-ақ оның айтуынша, заңнамадағы өзгерістерде Парламентпен жергілікті өкілді органдардың рөлін күшейту көзделіп отыр.

Палаталардың жасақтау тәртібі мен олардың функцияларында елеулі өзгерістер бар. Президенттің Сенаттағы квотасы 15-тен 10-ға дейін қысқартылып, оның 5-еуін Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұсынатын болады. Мәжіліс сайлауында аралас сайлау жүйесі енгізіледі. Мәжілістің 30 пайыз депутаттары бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады сондай-ақ сайлау алды уәдесін орындамаған депутаттарды сайлаушылар кері қайтаруға мүмкіндік алады, - деді  Бақыт Нұрмұханов.

Аппарат жетекшісі заң шығару процесін жаңғыртуға арналған бірқатар өзгерістер жасалғанын атап өтті.

Заң қабылдау құқығы негізінен Мәжіліске тиесілі болады. Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды мақұлдау немесе мақұлдамау құқығы беріледі. Реттейтін мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, конституциялық заңдарды палаталардың бірлескен отырысында қабылдау қолдау тапты. Үкіметке адам өмірі мен денсаулығына мемлекеттің қауіпсіздігіне басқа да құндылықтарға айрықша қауіп төнген жағдайда заң күші бар нормативтік-құқықтық актілер қабылдауға құқық берілді, -деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы