Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2025 жылғы 30 сәуірде «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы 19 мамырдан бастап алты ай мерзімге мұнай өнімдерін ел аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне, автомобиль көлігімен әкетуге уақытша тыйым салынады.
Тыйым келесі өнім түрлеріне қолданылады:
- бензин;
- дизель отыны;
- майлау майлары;
- басқа да мұнай өнімдерінің жекелеген түрлері.
Бұйрықта кейбір ерекше жағдайларға рұқсат берілген. Атап айтқанда:
- зауытта көлік құралдарының отын багында көзделген мөлшерде отынмен шығару;
- ғылыми-зерттеу мақсаттарына арналған авиаотын әкҚазақстан Үкіметінің шешімі бойынша гуманитарлық көмек ретінде мұнай өнімдерін жеткізу;
- темір жол көлігімен жеткізілетін және бекітілген жоспарлар бойынша жүзеге асырылатын кейбір тасымал түрлері.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейін Қазақстан аумағынан ЕАЭО-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге жеңіл дистилляттар, авиакеросиндер, дизель отыны, газойль, толуол, ксилол және мұнай битумын әкетуге де тыйым салынады.
Бұл шектеулер ішкі нарықты тұрақтандыру және жанар-жағармай тапшылығының алдын алу мақсатында енгізіліп отыр.