Қазақстан мен Вьетнам пошта қызметін бірлесіп дамытады

22 Тамыз 2023, 20:30
752
Бөлісу:
Қазақстан мен Вьетнам пошта қызметін бірлесіп дамытады
Фото: kazpost.kz

Қазақстан мен Вьетнамның пошта операторлары ынтымақтастық туралы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапары аясында «Қазпошта» АҚ мен «Vietnam Post» корпорациясы арасында электрондық коммерция мен пошта қызметін дамыту саласындағы өзара түсіністік туралы негізгі меморандумға қол қойылды.

Осы тарихи келісім аясында елдеріміз электрондық коммерцияны дамыту, тарифтік саясатты оңтайландыру, ақша аударымдары жүйесін жаңғырту және жеткізу маршруттарын оңтайландыру үшін күш біріктіреді. Меморандумға сәйкес екі пошта операторы арасындағы өзара тиімді қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған серіктестік байланыстар орнату жоспарланып отыр, - деп хабарлады Қазпоштаның баспасөз қызметі.

Меморандумға қол қою «Қазпошта» АҚ мен «Vietnam Post» корпорациясы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңызды кезеңі, сондай-ақ екі тараптың да инновацияларды енгізуге және электрондық коммерция мен пошта саласында жоғары нәтижелерге бірлесіп қол жеткізуге ұмтылысын айғақтайды.

«Vietnam Post» корпорациясымен меморандумға қол қою Қазақстан мен Вьетнамда электрондық коммерция және пошта қызметін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз «Vietnam Post»-пен серіктестік осы салаларда үздік дағдылар мен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретініне, сондай-ақ клиенттер үшін қызмет көрсету сапасын жақсартуды қамтамасыз ететініне сенімдіміз, – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова.

Әсел Жанасова іссапар барысында Vietjet Airlines компаниясының және басқа да жеке бизнес өкілдерімен кездесті. Мұндай кездесулер екі елдің бизнес қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайтуға және ынтымақтастықты кеңейтуге ықпал етеді.

Өзгелердің жаңалығы