Қазақстан мен Түркия медицинадағы жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асырады

 ДСМ баспасөз қызметі 10 Қараша 2026, 16:14
10 Қараша 2026, 16:14
72
Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоглу Анталья қаласында өткен COP31 халықаралық конференциясының шеңберінде 2027-2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Құжат медициналық инфрақұрылымды дамыту, фармацевтикалық өндіріс, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, медициналық ғылымды дамыту, кадрлар даярлау және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру сияқты негізгі бағыттарды қамтиды.

Қол қойылған жоспарды қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың нақты тетігі ретінде қарастырамыз. Біздің міндетіміз – нақты іс-шараларды айқындап, жауапты ұйымдарды белгілеп, олардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету, – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Кездесу барысында ведомство басшысы түрік компанияларының Қазақстандағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға қосып отырған үлесіне тоқталды. Атап айтқанда, Rönesans Holding компаниясы Көкшетау қаласында 630 төсектік көпбейінді аурухананың құрылысын жүргізуде. Ал YDA Group Түркістан және Петропавл қалаларындағы ауруханалардың құрылысына қатысуда.

Orhun Medical компаниясымен ядролық медицина мен диагностикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша инвестициялық келісім жасалды. Қазіргі уақытта Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ПЭТ/КТ орталықтары жұмыс істеп тұр.

Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Abdi İbrahim және Nobel İlaç компанияларымен дәрілік заттар мен белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндірісін құруды көздейтін екі ірі инвестициялық келісімге қол қойылды.

Бұдан бөлек, екі елдің реттеуші органдары арасында фармацевтикалық инспекция, зертханалық сынақтар және фармакологиялық қадағалау бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда.

Қазақстан тарапы Түркияның ауруханаларды цифрлық басқару тәжірибесін, оның ішінде e-Nabız платформасын енгізуге, клиникалық және әкімшілік процестерді автоматтандыруға, ресурстар мен пациенттер ағынын басқаруға қызығушылық танытты.

Фото: ДСМ баспасөз қызметі

Кадрлардың біліктілігін арттыру бағытында тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тағылымдамалар ұйымдастыру, клиникалық тәжірибе алмасу және Түркияның Денсаулық сақтау институттарымен (TÜSEB) ынтымақтастық орнату мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ медициналық кадрларды аккредиттеу мен сертификаттау бойынша түрік тәжірибесін зерделеу көзделген.

Кездесу барысында Қазақстанда жетекші түрік мамандарының қатысуымен, кардиология, нейрохирургия, оңалту және шұғыл медицина бағыттары бойынша шеберл мен пациенттерге консультациялар ұйымдастыратын «Түрік медицинасы күндерін» өткізу ұсынылды.

Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, аурулардың алдын алу және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу.

Қазақстан медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге, аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі елдердің жаһандық коалициясын ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда. Осыған байланысты Түркия Республикасын Коалицияға қосылу мүмкіндігін қарастыруға тағы да шақырамын, – деді Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жауапты ұйымдарды айқындап, 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарының іс-шараларын жақын арада практикалық іске асыруға кірісуге уағдаласты.

Наверх