Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

25 Тамыз 2023, 18:05
1261
Бөлісу:
Қазақстан мен Тәжікстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Астанаға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сізбен елордамызда жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіздің сапарыңыз біздің бауырлас елдеріміз арасындағы шынайы достық қарым-қатынасты одан әрі нығайту тұрғысынан зор маңызға ие. Елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік, одақтастық қарым-қатынас туралы айтуға толық негіз бар. Астанадағы тәжік мәдениеті күндерінің ашылуына Сіздің арнайы келуіңіздің өзі көп нәрсені аңғартады. Сіздің сапарыңызды жоғары бағалаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәжікстан Президенті де өз  ілтипатын жеткізді.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, шақыртуыңызға, ілтипатыңызға, қонақжайлық көрсеткеніңізге көп рақмет! Ең алдымен, бүгін Сізбен екі ел арасындағы қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және аймақтық мәселелерді талқылағым келеді, - деді Эмомали Рахмон.

Өзгелердің жаңалығы