Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор

9 Наурыз 2023, 21:07
1120
Бөлісу:
Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов Душанбеде Тәжікстанның Стратегиялық зерттеулер орталығының басшылығымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қос тарап елдер арасындағы ынтымақтастықтың келешегін, өңірлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін және биылға жоспарланған іс-шараларды, оның ішінде Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның Астанаға сапарын талқылады.

Кездесу барысында Еркін Тұқымов Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы қарым-қатынастың жүйелі және стратегиялық сипатына тоқтала келе, Қазақстан тауар айналымы бойынша Тәжікстанның Қытайдан кейінгі екінші орындағы жетекші экономикалық серіктесі екенін атап өтті.  Соңғы жылдары бұл көрсеткіш тұрақты өсіп жатыр. Мысалы, 2022 жылдың көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, 1,5 миллиард долларға жетті. 

ҚСЗИ басшысы екі елдің ынтымақтастығының ауқымды әлеуеті пайдаланылмай отырған экономиканың перспективалық бағыттарына назар аударды. Олардың қатарында тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, энергетика және цифрлық технологиялар саласы бар.

Тәжікстан Республикасы Президенті жанындағы СЗО директоры сараптамалық орталықтар арасындағы ғылыми өзара әрекеттестіктің маңыздылығына тоқталып, алдағы айларда Қазақстан-Тәжікстан сарапшылар форумын өткізуді ұсынды. Бұл кездесу 10 наурыз күні Душанбеде өтетін «Тәжікстан – Орталық Азия: тату көршілік, өзара көмек, мәңгілік достық және ортақ даму саясаты» халықаралық конференциясы аясында өтті.

Өзгелердің жаңалығы