Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы ойынға болжам айтылды

10 Қыркүйек 2023, 15:49
3005
Бөлісу:
Қазақстан мен Солтүстік Ирландия арасындағы ойынға болжам айтылды
Фото: t.me/kff_team

Бүгін 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияға қарсы ойын өткізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кездесу бүгін 19:00-де «Астана-Арена» стадионында өтеді. Қазіргі таңда Қазақстан ұпаймен турнирлік кестеде төртінші орында тұр.

Қазақстан құрамасының бұрынғы шабуылшысы Сергей Пацай матчқа қатысты болжамын айтты.

Қазақстан құрамасының осы іріктеу кезеңіндегі бүкіл матчтарын тамашаладым және команданың өте сапалы ойынын атап өткім келеді. Финляндиядан жеңіліс, әрине, өкінішті, деген бұл тарих болып қалды. Солтүстік Ирландиямен кездесу турнирлік кесте тұрғысынан өте маңызды, жігіттер де мұны жақсы түсінеді. Сол себепті мотивация жағынан ешқандай қиындық жоқ, - деді Сергей Пацай.

Оның айтуынша, алдағы матчтарда жасанды алаң Қазақстан құрамасына ешқандай артықшылық бермейді. Бұған Финлялиямен ойында көзіміз жетті.

Ирландиялықтар алғашқы минуттардан бастап Қазақстан құрамасына үлкен қысым жасайды, олардың аянатын еш себебі жоқ. Ойында көп шабуыл жасайды. Біздің команда қорғаныста өте қатал ойнап, қарсы шабуылда қарсыласын қуып жетуге тырысуы керек. Бұл ойында жанкүйерлер жалықпайды. Мен өз командамызды қолдаймын, Қазақстан 3:2 есебімен жеңеді деп ойлаймын, - деді Пацай.

 

Өзгелердің жаңалығы