Қазақстан мен Ресей шекарасындағы өткізу пункті жұмысын қайта бастады

28 Сәуір 2024, 16:35
650
Бөлісу:

Қостанай облысында Ресеймен шекарадағы "Желқуар" өткізу пункті жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Шекара қызметі 27 сәуір сағат 18:00-ден бастап Қостанай облысындағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы "Желқуар" автомобиль өткізу пунктінің жұмысын қайта бастағаны туралы хабарлайды, - делінген комитет хабарламасында.

Қостанай облысында Ресеймен шекарадағы "Желқуар" өткізу пункті су тасқынына байланысты жабылған болатын.

Өзгелердің жаңалығы