Қазақстан мен Ресей көлік, логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

11 Қаңтар 2023, 17:30
860
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей көлік, логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылады
PHOTO

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың басшылығымен қазақстандық делегацияның Мәскеу қаласына жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ .

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, делегация құрамына ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев пен «Қазақстан темір жолы» АҚ төрағасы Нұрлан Сауранбаев кірді. 

Сапар аясында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасының орынбасарлары Марат Хуснуллин, Денис Мантуров, Александр Новак, Алексей Оверчукпен, сондай-ақ РФ көлік министрі Виталий Савельевпен келіссөздер жүргізілді.

Қазақстан мен Ресей көлік, логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Атап айтқанда, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» және «Солтүстік – Оңтүстік» көлік-логистикалық маршруттарын дамыту, Қазақстан мен Қытай шекарасында жаңа үшінші теміржол өткелін салу, Қазақстан-Ресей шекарасындағы автомобиль жолдары мен өткізу бекеттерін реконструкциялау тақырыптары қозғалды.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар өнеркәсіп кооперациясы, атап айтқанда, автомобиль жасау, тау-кен металлургия, агроөнеркәсіп кешеніндегі бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне тоқталды. Ресей тарапы «Иннопром. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесіне қатысатынын растады (2023 жылғы 23-25 қыркүйекте Астанада өтеді).

Қазақстан мен Ресей көлік, логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Тараптармен уағдаластықтарға қол жеткізілді және «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «РЖД» АҚ арасында 2023 жылы поездарды қабылдау мен тапсыруды жақсартуға бағытталған шараларды қабылдау туралы тиісті Хаттамаға қол қойылды.

Өзгелердің жаңалығы